12 Қар 2025
Жаңалықтар

EUSS компаниясында өткен Ашық есік күніне

30.10.2025 ж. күні EUSS компаниясында өткен Ашық есік күніне Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің 3-курс 88-топ және 2-курс 94-топ студенттері арнайы қатысып қайтты. Болашақ кәсіби аспаз мамандарын бұл тағылымы мол іс-шараға колледждің аға шебері Бухиев Х.Қ. және өндірістік оқу шеберлері Амиева М.Н., Жумашева С.Б. бастап апарды. Іс-шараның мақсаты - студенттерді өндірістік ортада тағам дайындау технологиясымен, санитарлық-гигиеналық талаптармен және кәсіби процестермен таныстыру. Сонымен қатар, студенттер аспаздық цехтың жұмыс барысын бақылап, кәсіпорында қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен және жаңа технологиялармен танысты. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңестермен бөлісті. Мұндай іс-шаралар студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттырып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.