12 Қар 2025
Жаңалықтар

Саналы бол, салауатты өмірді таңда!

Құқықтық мәдениет - саналы жастың таңдауы! Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттермен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жылыой АПБ өкілдері қатысып, маңызды ақпарат ұсынды: Кумаров Тлеуке Жұмабаевич - Жедел басқару орталығының бастығы Нұрберген Жанибек Ербөлекұлы - Тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серікқали Ақарыс Серікқалиұлы - АПБ КПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Студенттер құқықтық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік, зиянды әдеттердің және ерте жүктіліктің салдары туралы нақты кеңестер алды. Бір сәттік әрекет - болашағыңа әсер етеді! Саналы бол, салауатты өмірді таңда!

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.