"Мұнай және газ: олар қайдан пайда болды?" тақырыбында ашық сабақ!
Бүгін желтоқсан айының 4 күні арнайы пән оқытушысы Кенжеғалиева Римма Кайраккалиевнаның жетекшілігімен 1-курс 98 топ студенттеріне колледжде өткізіліп жатырған апталық аясында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында мұнай мен газдың табиғатта қалай пайда болатыны, олардың құрамы, қалыптасу кезеңдері мен маңызы кеңінен талқыланды.
Сабақ барысында студенттер геологиялық үдерістер, пайдалы қазбалардың түзілуі мен еліміздің мұнай-газ саласындағы рөлі жайлы тың мәліметтермен танысып, лабораториялық эксперименттер жасады.
Интерактивті әдістер мен нақты мысалдар арқылы өткен бұл сабақ білім алушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыттарына деген сенімін нығайтты.
Болашақ мамандар үшін пайдалы әрі мазмұнды тәжірибе болды!

