11 Ақп 2026
Жаңалықтар

«Жалпы пәндер – ортақ құндылық»

«Жалпы пәндер – ортақ құндылық» апталығы аясында колледжімізде қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны, сөз өнерінің заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
«Қазақтың мұзбалақ ақыны – Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті.
Әдеби кештің мақсаты – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру, студенттерді көркем әдебиетті қадірлеуге, поэзияны терең сезінуге тәрбиелеу болды.
Кеш барысында студенттер ақынның жүрек тербетер өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша әсерлі сахналық қойылым көрсетті. Сонымен қатар, Мұқағали өлеңдеріне жазылған сырлы да сазды әндер орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Әдеби кеш студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, поэзияға деген қызығушылығын арттырып, көрермен қауымға ұмытылмас әсер қалдырды.
Мұқағали мұрасы – мәңгілік, ал оның өлеңдері жас ұрпақтың жүрегінде әрдайым жаңғыра бермек.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.