“Secrets of Science” квест ойыны
Физика мен химия - тек формула мен есеп қана емес!
Бұл жолы 1 курс студенттері “Secrets of Science” квест ойынында ғылымның құпиясын ашты
Мақсаты:
Студенттердің физика-химия пәндеріне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Не ұнады?
️ Жылдамдық пен логиканы қатар қолдану
️ Командалық жұмыс
️ Басқатырғыш, пазл, жасырын сөздер
️ Әр аялдамадағы күтпеген тапсырмалар
Нәтиже:
Студенттер өз білімдерін тәжірибеде қолданып, шапшаң ойлап, бір-бірін қолдай отырып, финалға жетті.
Квест барлығына керемет әсер, жаңа эмоция мен ғылымға деген қызығушылық сыйлады
Ұйымдастырушылар:
химия пәні оқытушысы-Ерғалиева Назгүл Мұратқызы, физика пәні оқытушысы- Үмбетова Бағдагүл Оянқызы

