«WorldSkills Atyrau – 2026» чемпионатының алғашқы күні колледж студенттері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуде. Қатысушылар әр құзыреттілік бойынша тапсырмаларды орындап, теория мен тәжірибені ұштастыра білуде.
Чемпионат жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, кәсіби қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік беруде. Колледж намысын қорғап жатқан барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

