2026 жылдың 30 қаңтарында колледжішілік ата-ана мен бала арасында
«БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ, БІРГЕ ТҮСІНЕМІЗ» тақырыбында тренинг-квест ұйымдастырылды.
Тренинг-квестті колледж психологы Б.Б. Атчибаева өткізді.
Мақсаты:
Ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті арттыру, сенімді қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Бірлескен әрекет арқылы бірін-бірі тыңдау, түсіну және қолдау дағдыларын дамыту, қатысушылардың эмоционалдық жақындығын күшейтіп, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға жағдай жасау.
Тренингке 7 отбасы және олардың балалары белсенді қатысты.
Тренинг-квест 7 турдан тұрды:
1 «Менің ішкі әлемім» – эмоцияны бейнелеу
2 «Сенім көпірі» – қорқыныш пен қолдау
3 «Диалог шебері» – «Мен-хабарлама» әдісі
4 «Шекара белгілеу»
5 «Ұят пен салыстыру»
6 «Қақтығыстан шығу»
7 «Бірлескен креатив» – финалдық тапсырма
Бұл тренинг-квест жарыс емес, ата-ана мен баланың командалық жұмысына негізделді. Осыған байланысты әділқазылар алқасы сайланып, әр тур бойынша арнайы бағалау шкаласы қолданылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Тренинг жылы атмосферада өтіп, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға үлкен ықпал етті.

