Жастар қауіпсіздігі – басты назарда!
Жастар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында колледжімізде Жылыой ауданының учаскелік инспекторы, полиция майоры Жайымов Бүркіттің қатысуымен қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке қауіпсіздікке қатысты маңызды кеңестер берілді. Сондай-ақ жекелеген студенттермен жеке түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Мұндай кездесулер жастардың жауапкершілігін арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Қауіпсіз қоғам – саналы жастардан басталады!
10 Шілде 2026
Жаңалықтар

