Колледжде “Жалпы пәндер - ортақ құндылық” тақырыбында жалпы пәндер бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара барысында жалпы пәндер бойынша жүргізілетін жұмыстар таныстырылып, әр пәннің маңыздылығы мен студенттердің жан-жақты дамуына қосар үлесі туралы мазмұнды ақпараттар берілді.
Ашылу рәсімі қызықты әрі еркін форматта өтіп, студенттермен көңілді ойындар ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, ойындарға белсене қатысқан білім алушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Бұл шара студенттердің пәндерге деген қызығушылығын арттырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
Алдағы онкүндік аясында мазмұнды да қызықты іс-шаралар жалғасын табады.
10 Шілде 2026
Жаңалықтар

