Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Ұстаздар күніне арналған ерекше сапар болды. Бүгін колледжі ұстаздары «Ұстаздар әуежайынан» ұшып, ерекше рейске шықтық – «Шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесі» атты әуе сапарына.
Бұл сапарда жолаушыларымыз – қадірлі ұстаздар. Ұшақ бортына тек махаббат, құрмет және шаттық қабылданды. Қызықты көріністер, әсем әндер, әсерлі билер мен жүрекжарды сөздер ұстаздарға арналды. Әр шәкірт жүрегінде ұстазға деген алғыс, арман мен сүйіспеншілік бар екенін тағы бір дәлелдедік. Нағыз сапар – ұстаздың шәкіртіне қалдырған ізі мен өнегесінде жалғасады!
Ұстаздар күні құтты болсын!

