02 Желт 2025
Жаңалықтар

Интеллектуалдық ойын

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ-OIL & GAS SKILLS WEEK 2025!

2025 жылдың 2 желтоқсан күні С. Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде мұнай-газ саласының болашақ мамандарына арналған кәсіби шеберлік апталығы аясында қызықты әрі мазмұнды интеллектуалдық ойын өткізілді.
Шараға 1-курс:
98-топ-“Мұнай және газ кен орындарын пайдалану”,
100-топ-“Технологиялық құбырларды монтаждау”
мамандықтарының студенттері белсене қатысты.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты – студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейту, техникалық білімдерін тереңдету, логикалық және инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында студенттерге жан-жақты сұрақтар қойылып, түрлі практикалық және логикалық тапсырмалар берілді.
Қатысушылар мұнай-газ өндірісінің технологиялық процестеріне қатысты білімдерін көрсетті, құбыр жүйелерінің құрылымын талдап, командалық жұмыс пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын танытты.
Ұйымдастырушы:
М. Шыкибаева-ойынның мазмұнын байытып, кәсіби бағыттағы сұрақтар арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра алды.
Осындай шаралар-болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына және техникалық білімнің маңызын терең түсінуіне үлкен септігін тигізеді.

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.