05 Желт 2025
Жаңалықтар

Колледж ұжымы үшін қызықты QUIZ!

 Колледж ұжымы үшін қызықты QUIZ!

Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде «OIL & GAS SKILLS WEEK 2025: Кен орындарын пайдалану және құбыр желілерін монтаждау саласындағы кәсіби шеберлік апталығы»
аясында колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған көңілді де танымды ҚАЗАҚША QUIZ сайысы өтті!

Интеллектуалдық сайысқа ұжым мүшелерінен құралған 5 команда қатысты. Олар "ШАБЫТ" , "КИПиА" , "BilimQos", "Smart Team", "Асхана" . 
Сайыс барысында ұжым мүшелері білімдерін сынап, тапқырлық пен жылдамдықта жарысты. 

Сұрақтар әлем елдері бойынша және еліміздің тарихы, мәдениеті, ғылым мен білім салаларын қамтып, әсерлі сәттерге толы болды. 
Сайыс нәтижесінде КИПиА командасы жеңімпаз болып, "ДОНЕР МЫРЗА" фасфут орталығы демеушілік жасаған 10 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды. 

Осындай шаралар ұжым ішіндегі ауызбіршілік пен сергектікті арттырып, ұмытылмас әсер қалдыратыны анық!

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.