2026 жылы 10 ақпан күні колледжде студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған WorldSkills – 2026 колледжішілік чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.
Чемпионаттың мақсаты:
Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына жағдай жасау, WorldSkills стандарттары негізінде практикалық дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық әлеуетін ашу, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, үздік жас мамандарды анықтап, оларды қолдау және өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнату.
Чемпионат аясында 7 құзыреттілік бойынша жарыстар өткізілді:
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
Электромонтаждық жұмыстар
Өндірістік автоматтандыру
Дәнекерлеу технологиясы
Аспаз ісі
Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету
Бейне өндіріс
Жарыстың әділ әрі объективті өтуін қамтамасыз ету мақсатында чемпионатқа тәуелсіз сарапшы ретінде өндіріс мекемелерінің басшылары мен өкілдері шақырылды:
▫️ Жылыоймұнайгаз МГӨБ
▫️ «Сәт сапар» ЖШС
▫️ «Досмурза» ЖШС
▫️ SMM мобилограф
▫️ «Казтест» ЖШС
▫️ КТЖ ЭЧС
Барлық қатысушыларға, сарапшыларға және ұйымдастырушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
WorldSkills – бұл болашақ маманның сапалы дайындығына бастар нақты қадам!

