1.02.2026 ж.
Информатика пәні оқытушысы - Жоламанова Бактыгуль Багиткалиевна
Колледжімізде “Digital Students” тақырыбында студенттерге арналған нейрожелілер бойынша мастер-класс өткізілді.
Мастер-класс барысында студенттер жасанды интеллект (AI) ұғымымен тереңірек танысып, оның мүмкіндіктері мен қазіргі білім беру саласындағы қолдану бағыттарын үйренді.
Практикалық мысалдар арқылы нейрожелілердің жұмыс істеу принциптері түсіндіріліп, цифрлық технологияларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Мақсаты:
Студенттерге жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын меңгерту, цифрлық дағдыларын дамыту, заманауи технологияларды оқу процесінде тиімді әрі жауапкершілікпен қолдануға үйрету.

