27 Нау 2026
Жаңалықтар

Ақпан айының 25-інде колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Ақпан айының 25-інде колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы: «Жасөспірімнің ішкі жан дүниесі: аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу».
Жиналысқа барлық топтардың ата-аналары шақырылды. Жиналысты колледж психологы Б. Атчибаева жүргізді.
Жиналыс басталмас бұрын ата-аналарға Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен дайындалған бейнефильм көрсетілді. Бейнефильм ата-аналарға ерекше әсер қалдырды.
Одан кейін психолог Б. Атчибаева жиналыстың мақсатымен таныстырды. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға жасөспірім психологиясының ерекшеліктерін түсіндіру, қауіп белгілерін ерте анықтау және олардың алдын алу жолдарын үйрету.
Сонымен қатар аутодеструктивті мінез-құлықтың салдары түсіндіріліп, оның пайда болу себептері тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетілді.
Ата-аналар жиналысқа белсене қатысып, практикалық тапсырмаларды орындады. Кері байланыс жүргізіліп, қатысқан ата-аналар әсерлі көңіл күйде тарқасты.
#жылыойколледжі#біртұтастәрбие

 

 

 

Әлеуметтік желілер

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.