Амал мерекесі - көрісу күні колледжімізде аталып өтті.
14 наурыз - қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі Амал мерекесіне орай колледжімізде тағылымы мол шара ұйымдастырылды. Студенттер ұлттық дәстүрді дәріптеп, бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Бұл күн - татулық пен бауырмалдықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің айқын көрінісі. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мерекелік шара барша қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
28 Нау 2026
Жаңалықтар

