2026 жылғы 16 сәуір күні С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде ашық есік күні жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға Жылыой ауданындағы мектептердің 9–11 сынып оқушылары қатысып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, мамандықтарымен және студенттік өмірімен танысты.
Іс-шараны колледж директорының міндетін атқарушы Маруся Шамшақызы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, алғыс сөзін жеткізді.
Шараның мақсаты – талапкерлерге кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт көрсету.
Іс-шарада «EUSS» ЖШС өкілдері Динара Әбдіжами мен Әмірова Гаухар Қуанышқызы сөз сөйлеп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, колледждің табысты түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп оқушыларын колледжгк оқуға шақырды.
Қатысушылар оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханаларды аралап, тәжірибелік жұмыстармен танысты.
Ашық есік күні жас талапкерлерге саналы таңдау жасауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

