Облыстық семинар өтті
2026 жылы 4 мамыр күні С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қауымдастығының 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес
«Құзыреттілік орталықтарының жұмысын жандандыру: жастарды еңбек нарығына бейімдеу» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – колледждердегі құзыреттілік орталықтарының қызметін жетілдіру арқылы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және оларды еңбек нарығына тиімді бейімдеу.
Іс-шара барысында қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, шеберханаларға экскурсия жасады. Сонымен қатар, құзыреттілік орталықтарының тиімді жұмысын ұйымдастыру, оларды табыс әкелетін өндіріс алаңына айналдыру, заманауи білім беру жүйесіндегі рөлі туралы мазмұнды баяндамалар тыңдалды.
Пікір алмасу алаңында қатысушылар:
құзыреттілік орталықтарының қызметін жетілдіру;
студенттердің практикалық дағдыларын табыс көзіне айналдыру;
оқу процесін өндіріс талаптарымен ұштастыру бағытында өзекті ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар қорытындысы бойынша

